Димаш Құдайберген жиналған жастарды көргеніне қуанышты екенін атап өтті. Ол бұл кездесуді бұрыннан күткенін және әрқашан Ақтөбе тұрғындарын еске алатынын мойындады.
«Сендер әрқашан менің жүрегімдесіңдер. Туған жерлеріме келіп, жүздеріңді көргеніме қуаныштымын. Сағынып қалдым. Ақтөбем мен Қазақстаным үшін бүкіл әлемге ұятсыз көрсетуге болатын клип шығады деп үміттенемін», — деді әртіс.
Өткен аптада әнші туған өңіріне оралды. Ол өз мектебіне барып, мұғалімдермен кездесті және Димаштың LEGO-дан үлкен портретін жасаған оқушылармен сөйлесті.