Мәдениет

Қазақстандық «Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінде Гран-при жеңіп алды

Қазақстандық «Qaitadan» картинасы Бішкек кинофестивалінің Орталық Азия конкурсында жеңіске жетіп, үздік фильм ретінде Гран-при алды.

12 маусым 2026 · 22:00·Оқу: 1 мин

Қазақстандық «Qaitadan» фильмі Бішкек кинофестивалінде Гран-при жеңіп алды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·12 маусым 2026

Фестивальдің Орталық Азия конкурсына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан фильмдері қатысты.

Қазылар алқасы қазақстандық «Qaitadan» фильміне «Үздік фильм» номинациясында Гран-при берді.

Бұған дейін картина Қазақстанның креативті индустрияларының басты марапаты STEPPE AWARDS-ты «Кинематография» санатында алған болатын.

Жоба 2023 жылы питчингте жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен шықты.

Өткен жылы прокатта үш апта ішінде «Qaitadan» миллиард теңгеден астам қаражат жинап, қазақстандық кино прокатын бастап шықты.

Пікірлер