Түсімдер жоспарланған деңгейден 66,7 млрд теңгеге артық болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджеттің кірістері 25,1%-ға, немесе 1,48 трлн теңгеге өсті.
Жергілікті бюджеттер 4,05 трлн теңге алды. Бұл 2025 жылдың бес айымен салыстырғанда 95,1 млрд теңгеге, немесе 2,4%-ға көп.
Трансферттерді есепке алмағанда салық түсімдері республикалық бюджет кірістерінің 97,7%-ын қамтамасыз етті. Салықтар бойынша жоспар 100,5%-ға орындалды, ал олардың көлемі 30,6%-дан астамға өсті. Негізгі үлес қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға экспорттық баж салығы есебінен болды.
Қаржы министрлігінің деректері бойынша кірістердің өсуі әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы баға жағдайына, экономикалық белсенділіктің артуына және салық реформасына байланысты. Ведомство бюджеттің даму бюджеті мәртебесін сақтап, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастырып жатқанын атап өтті.
— Бес айдың нәтижелері жалпы алғанда бюджеттің кіріс базасының тұрақтылығын, экономикалық белсенділіктің өсуі жағдайында түсімдердің оң динамикасын және даму бюджеті мәртебесінің сақталуын растайды, — деп мәлімдеді министрлікте.