Бағам алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,8 теңгеге төмендеді. Ұлттық банктің 23 маусымға ресми бағамы 487,01 теңге деңгейінде белгіленді.
Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 483 теңгеден сатып алады, ал 490 теңгеден сатады. Еуроны сатып алуға 553 теңге, сатуға 563 теңге ұсынады. Рубль 6,17–6,47 теңге аралығында саудаланады.
Алматыда американдық валютаны 486,52 теңгеден қабылдайды және 488,42 теңгеден босатады. Еуро 555,31–560,65 теңге тұрады, рубль — 6,24–6,38 теңге.
Шымкентте долларды орташа есеппен 486,77 теңгеден сатып алады және 488,75 теңгеден сатады. Еуро 554,79–560,82 теңге шегінде, рубль — 6,24–6,34 теңге.