Экономика

Доллар теңгеге қатысты күндік сауда қорытындысы бойынша өсті

12 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,33 теңге құрап, 1,44 теңгеге өсті.

12 маусым 2026 · 11:15·Оқу: 1 мин

Доллар теңгеге қатысты күндік сауда қорытындысы бойынша өсті
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·12 маусым 2026

Ұлттық банктің 12 маусымға ресми бағамы 487,76 теңге деңгейінде белгіленді.

Астана қаласының айырбастау пункттерінде долларды 486,00 теңгеден сатып алады және 492,97 теңгеден сатады. Еуроны сатып алуға 563,00 теңге, сатуға 573,00 теңге ұсынылады. Рубль 6,49–6,80 теңге аралығында сатылады.

Алматыда американдық валютаны 489,25 теңгеден қабылдап, 491,36 теңгеден береді. Еуро 563,23–569,12 теңге, рубль — 6,54–6,66 теңге тұрады.

Шымкентте долларды орташа есеппен 489,62 теңгеден сатып алады және 491,65 теңгеден сатады. Еуро 564,13–568,29 теңге шегінде, рубль — 6,59–6,65 теңге.

Бір күн бұрын, 11 маусымда, доллардың орташа өлшенген бағамы 487,76 теңге болып, 0,8 теңгеге төмендеді.

Пікірлер