Экономика

Доллар аптаны биржада 488 теңге деңгейінде аяқтады

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 488,37 теңге болып, 0,64 теңгеге өсті.

19 маусым 2026 · 11:25·Оқу: 2 мин

Доллар аптаны биржада 488 теңге деңгейінде аяқтады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·19 маусым 2026

Ұлттық банктің 18 маусымға ресми бағамы 487,73 теңге деңгейінде белгіленді.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 484 теңгеге сатып алады, ал 491 теңгеге сатады. Еуроны сатып алуға 558 теңге, сатуға 568 теңге ұсынады. Рубль 6,20–6,50 теңге аралығында саудаланады.

Алматыда америкалық валютаны 487,81 теңгеге қабылдайды және 489,72 теңгеге береді. Еуроны орташа есеппен 558,58 теңгеге сатып алады, 563,55 теңгеге сатады. Рубль 6,37–6,43 теңге тұрады.

Шымкентте долларды 488,15 теңгеге сатып алады, 490,19 теңгеге сатады. Еуро 558,31–564,15 теңге аралығында, рубль — 6,39–6,46 теңге.

18 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 487,73 теңге деңгейінде қалыптасып, 1,5 теңгеге төмендеді.

Пікірлер