Экономика

Қазақстанда келесі жылы екі жаңа казино ашылады

Министр Алматы облысы мен Маңғыстаудағы екі жаңа ойын-сауық нысанын келесі жылы іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

9 маусым 2026 · 08:07·Оқу: 1 мин

Қазақстанда келесі жылы екі жаңа казино ашылады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·9 маусым 2026

Шетелдіктерге арналған жаңа ойын-сауық аймақтарын құру жұмыстары жалғасуда. Жергілікті билік органдарымен бірлесіп, учаскелер анықталып, инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

Алматы облысында инфрақұрылымы бар Ақбұлақ учаскесі таңдалды. Ондағы нысан келесі жылы жұмысын бастауы мүмкін.

Маңғыстау облысындағы «Жылы жағажай» аймағын да қонақ үй құрылысы аяқталған соң келесі жылы ашуды көздеп отыр. Қалған аймақтарда әзірге инвесторлар іздестірілуде.

Бұған дейін мұндай аймақтар пайда болатын төрт өңір аталған: Каспий жағалауындағы Маңғыстау, Жетісу облысындағы Панфилов ауданы мен Алакөл жағалауы, Алматы облысының Талғар ауданы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары.

Пікірлер