Сенат комитетінің қорытындысына сәйкес, заңнамалық актілерге өзгерістер Президент Жарлығын орындау үшін қабылданды. Олар прокуратураның инвесторлар құқықтарын қорғау саласындағы құзыретін күшейтеді және Инвесторлар құқықтарын қорғау комитетін құруды көздейді.
Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен функциялары жүктеледі. Аймақтық деңгейде бұл міндеттерді облыс прокурорлары, сондай-ақ астана және республикалық маңызы бар қалалар прокурорлары орындайды.
Бас прокуратура активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган ретінде айқындалды. Заң банк құпиясын, сақтандыру құпиясын және басқа да құпия түрлерін құрайтын мәліметтерді беруге сұрау салуларға қол қоюға құқылы лауазымды тұлғалардың шеңберін нақтылайды, сондай-ақ активтердің шығу заңдылығын тексеруді тағайындайды.
Егер қайтарылған активтердің көлемі органның негізделген күмәні бар активтердің құнынан асып кетсе, мұндай күмәндер реттелген деп есептеледі. Бұл активтердің заңдылығын растауға теңестіріледі.