Министр Ерсайын Нағаспаев бұл компаниялардың жұмысын бақылау үшін арнайы Техникалық қайта жарақтандыру картасы әзірленгенін хабарлады. Бағдарламаны іске асыру басталғалы ГМК кәсіпорындары жаңғырту, жабдықтарды қолдау және өндірістерді кеңейту бойынша шаралар өткізді. Инвестициялардың жалпы көлемі 530 млрд теңгеден асты.
Ірі металлургия компаниялары цифрлық шешімдерді белсенді енгізуде. Олар өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруға және адам факторының әсерін азайтуға бағытталған.