Тізімге машина жасау өнімдері — 2176 атау, химия өнеркәсібі — 248, металлургия — 217, құрылыс — 495 және жиһаз өнеркәсібі — 208 позиция кірді.
Олардың қатарында ауыл шаруашылығы техникасы мен жинақтаушы бөлшектер, жүк автомобильдері, автокрандар, өрт сөндіру машиналары мен автоцистерналар, сондай-ақ шиналар мен есептегіштер бар.
Шектеулер кабельдерге, сымдарға, трансформаторларға, лифтілерге, дезинфекциялау және жуу құралдарына, бояу-лак өнімдеріне, антисептиктерге және мотор майларына таратылды.
Тізімге жекелеген құрылыс материалдары: шыны, кірпіш, қаптау плиткасы, цемент және минералды мақтадан жасалған жылу оқшаулау плиталары енді. Сонымен қатар, оған сумен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырлары, есіктер, терезе блоктары және жиһаз — орындықтар, дивандар, стульялар мен үстелдер кірді.
Бұйрық қол қойылған күні күшіне енді.