Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға, екі елдің ұлттық компаниялары арасындағы байланыстарға және энергетикадағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударды.
Кездесуде мұнай-газ химиясы, көмір химиясы, төмен көміртекті энергетика және инвестицияларды тарту мәселелері де қозғалды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар энергетикалық саладағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екендіктерін растады.