Тараптар ғылыми-техникалық зерттеулер, мамандар даярлау және қазіргі заманғы ядролық технологияларды дамыту мәселелерін қозғады. Ерекше назар Қазақстанның Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталығының 2002 жылдан бері жалғасып келе жатқан жапондық әріптестермен көпжылдық ынтымақтастығына аударылды.
Жапон тарапы әріптестікті тереңдетуге және кадрларды оқытуға, сондай-ақ ядролық және физикалық қауіпсіздік бойынша құзыреттерді дамытуға, оның ішінде МАГАТЭ бағдарламалары арқылы қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша екі ел стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін білдірді. Тараптар бейінді ұйымдар мен ғылыми орталықтар арасындағы байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ атом саласындағы жаңа бірлескен жобаларды пысықтауға ниетті.