Өзбекстанға жеткізу 38 пайызға өсті — 3,6 млн тоннадан 5 млн тоннаға дейін. Қырғызстанға бір жарым есе көп жөнелтілді — 474 мың тонна, өткен жылғы 312 мың тоннамен салыстырғанда.
Ауғанстанға экспорт 58 пайызға өсіп, 2 млн тоннаға жетті. Түрікменстан 197 мың тонна сатып алды, бұл өткен жылғы 137 мың тоннадан 44 пайызға артық.
Ведомствода жүк тасымалының оң динамикасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өніміне тұрақты сұранысты және оңтүстік логистикалық дәліздердің тұрақты жұмысын көрсетеді деп атап өтті. Бұл сондай-ақ экспорттық логистиканы дамыту және сауда байланыстарын кеңейту шараларының тиімділігін көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстанның Ауғанстанға астық жеткізуі 2,3 есе өскені хабарланған болатын.