Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, бұл рекордтық орналастыру болды: ел Қытай нарығында BBB рейтингті мемлекеттер арасында ең төменгі мөлшерлемемен және AA рейтингті елдер деңгейінде қаражат тартты.
Панда-облигациялар – шетелдік эмитенттер Қытайдың ішкі нарығында орналастыратын қытай юаньіндегі борыштық бағалы қағаздар. Мәміледе Bond Connect инфрақұрылымы пайдаланылды, ол халықаралық инвесторларға Қытайдың банкаралық облигациялар нарығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл жүйеге қосылу қытай капиталын тартуға мүмкіндік береді және қазақстандық инвесторларға әлемдегі ең ірі борыштық нарықтардың біріне қол жеткізуге жол ашады. Бұл ретте екі елдің қаржы нарықтарының интеграциясына ықпал етеді.
Салтанатқа ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері, AIX биржасының басшылығы, сондай-ақ мәміленің андеррайтерлері мен серіктестері: China International Capital Corporation, Industrial and Commercial Bank of China, China Construction Bank Astana, «Teniz Capital Investment Banking» АҚ және қытайлық Lianhe рейтингтік агенттігі қатысты.
Қаржы министрлігінде табысты орналастыру Қазақстан мен Қытай арасындағы одан әрі ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді серіктестік үшін негіз қалайтынын атап өтті.