Халықаралық Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресі аясындағы форумда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев алтын өндіру саласының жағдайы туралы айтты.
Оның айтуынша, мемлекеттік баланста 2369 тонна жалпы қоры бар 374 алтын кен орны тіркелген. 2025 жылы шамамен 98 тонна қоры бар бес жаңа кен орны есепке алынды.
Өткен жылы елде 71,2 тонна аффинирленген алтын өндірілді. Асыл металдар өндірісіне инвестиция көлемі 99 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.