Алматыда доллардың орташа бағамы сатып алу кезінде 472,61 теңге, сату кезінде 475,72 теңге құрайды. Еуроны сонда 541,24 теңгеге сатып алады, ал 547,06 теңгеге сатады. Ресей рублі 5,75–5,90 теңге аралығында саудаланады.
Астанада еуро сатып алу кезінде 536,87 теңге, сату кезінде 546,87 теңге тұрады. Рубль 5,78–6,09 теңге шегінде.
Шымкентте долларды 474,44 теңгеге сатып алады және 476,56 теңгеге сатады. Еуроны 539,59–546,18 теңге аралығында бағалайды, рубль — 5,82–5,89 теңге.
Бүгінгі ресми бағам: доллар — 464,71 теңге, еуро — 531,26 теңге, рубль — 6,05 теңге.
10 шілдедегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 464,71 теңге болды, 2,56 теңгеге төмендеді. Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов сол кезде доллар бағамы қатты өзгермейді деп мәлімдеді.