Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров ел энергетикасының тұрақты негізі көмір өнеркәсібі болып қала беретінін мәлімдеді. Қазақстанда жалпы ресурстары 230 млрд тонн болатын сегіз көмір бассейні бар. Оның ішінде 33 млрд тонна мемлекеттік баланста тұр, ал 207 млрд тонна болжамды ресурстарға жатады.
Ведомство сонымен қатар көмір химиясы және көмірді қайта өңдеу бағыттарын дамытуда. Бұл шаралар өнімнің қосылған құнын арттырып, экологиялық жүктемені азайтуы тиіс. Көмір қабаттары метанына, ең алдымен, 2 трлн текше метр газ шоғырланған Қарағанды бассейніне ерекше назар аударылуда.
Инвесторларды тарту мақсатында министрлік Қарағанды бассейніне жер қойнауын пайдалану құқықтарын рәсімдеудің жеңілдетілген ережелерін таратуға ниетті. Кез келген әлеуетті жер қойнауын пайдаланушы жеңілдетілген тәртіппен рұқсат ала алады.
Министрлік көмір өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша бизнес пен инвесторлармен ашық диалог жүргізуге дайын.