Вице-министр халықтың несиелік жүктемесі жүйелі шараларды қажет ететін басты мәселелердің бірі болып қалып отырғанын хабарлады.
Бюроға деректер беретін ұйымдар алдындағы халықтың қарыз қалдығы 27,5 триллион теңгені құрады. Бұл сомаға келесі төлемге есептелген сыйақы кіреді, бірақ жеке кәсіпкерлердің несиелері және есептен шығарылған қарыздар кірмейді.
Қарыз жүктемесін азайту мәселесі Халықтың кірістерін арттырудың 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізілді. Жоспар сондай-ақ жалақының өсуі, жұмыспен қамту және қаржылық сауаттылық бойынша шараларды қарастырады.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сулейменов тұтынушылық несиелеуге қойылған шектеулер халыққа берілетін қарыздардың өсуін бәсеңдетіп, бизнесті несиелеуді 18%-ға дейін арттырғанын атап өткен болатын.