Экономика

Brent және WTI мұнайы жеткізілімдерге қатысты алаңдаушылықтарға байланысты қымбаттады

Дүйсенбіде Brent мұнайының бағасы баррель үшін 93 долларға дейін көтеріліп, екі пайыздан астам өсті.

1 маусым 2026 · 04:16·Оқу: 2 мин

Brent және WTI мұнайы жеткізілімдерге қатысты алаңдаушылықтарға байланысты қымбаттады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 маусым 2026

WTI мұнайы да өсіп, баррель үшін 89 доллардан асып, үш пайызға жуық өсім көрсетті.

Нарық қатысушылары әлемдік энергия тасымалдаушылар жеткізілімдерінің тұрақтылығына алаңдауда. Котировкаларға қосымша серпін Израильдің Ливан аумағына соққылары туралы хабарламалар берді.

Бұған дейін Иран мен АҚШ арасында келісімге қол қою күтілген еді, бірақ жұма күнігі кездесуден кейін құжат бекітілмеді. Ол бітімді ұзарту және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіру туралы болатын.

Иран Ормуз бұғазындағы жаңа механизм бойынша Оманмен келіссөздерді жалғастыруда.

Сонымен қатар, ресейлік Urals мұнайы арзандады. Сауда қорытындысы бойынша оның бағасы баррель үшін шамамен 82 долларды құрады, бұл бір айда 25 пайыздан астам төмендегенін көрсетеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік банктің және Дүниежүзілік сауда ұйымының басшылары Таяу Шығыстағы қақтығыстың әлемдік экономикаға, энергетикалық қауіпсіздікке және саудаға төндіретін қауіптері туралы ескертті.

Пікірлер