Министр Ерсайын Нағаспаев «Stadler Қазақстан» кәсіпорнының Астанада іске қосылуын атап өтті. Биыл маршруттарда заманауи вагондар пайда болады.
«ЗИКСТО» зауытында жолаушылар вагондарын өндіру кеңейтілуде. Кәсіпорынның қуаты жылына 200 вагонға жетеді. 2026–2027 жылдары жаңғыртуға 24 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Жоба шамамен 470 жұмыс орнын құруы тиіс.
Атырау облысында былтыр вагон құрастыру зауыты ашылды. Оның қуаты — жылына 6 мың жүк вагоны мен цистерна. Биыл кәсіпорын алғашқы 70 цистернаны шығарады. Инвестор жылына 60 мың тонна бөлшек шығаратын құю зауытын салуға кірісті. Іске қосу 2027 жылға жоспарланған.
Семей машина жасау зауытында жылына 600 бірлікке дейін жартылай вагон шығаратын желі іске қосылды. Екібастұзда теміржол техникасы мен жинақтаушы бұйымдар шығаратын кәсіпорындар кластері жұмыс істейді. Онда жылына 160 мың бұйым қуатындағы бандаж кешені жұмыс істеп тұр.