Экономика

Олжас Бектенов XINFA GROUP-пен Павлодар облысында алюминий паркін салу мәселесін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы толық циклді өнеркәсіптік парк жобасы бойынша XINFA GROUP өкілдерімен кездесу өткізді.

1 маусым 2026 · 07:10·Оқу: 2 мин

Олжас Бектенов XINFA GROUP-пен Павлодар облысында алюминий паркін салу мәселесін талқылады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 маусым 2026

Тараптар жұмыстардың ағымдағы барысын қарастырды. Қытай компаниясы жер учаскесін анықтап, жобалау институтын тартып қойған.

Жобаға инвестициялардың жалпы көлемі 15 млрд долларды құрайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарға оны іске асыруға барынша жәрдемдесу тапсырылды.

Тұжырымдама бокситтерді терең өңдеуді қарастырады. Қуаттар жылына 4,8 млн тонна алюминий оксиді, 2,4 млн тонна электролиттік алюминий және 1,2 млн тонна терең өңдеу өнімдері деңгейінде жоспарлануда.

Кәсіпорындарда 10 мың жұмыс орны құрылады. Нысандардың құрылысы ағымдағы жылы басталады, бірінші кезеңнің іске қосылуы 2028 жылға жоспарланған, жобалық қуатқа шығу — 2029 жылға.

Пікірлер