Президент өңірдің даму қарқыны жалпы алғанда қолайлы деңгейде қалып отырғанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 6,7 трлн теңгеге жетіп, 5,4%-ға өскен.
Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында облыс қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша бесінші орынды иеленді. Жыл басынан бері өңір экономикасына 266,2 млрд теңге инвестиция түсті, ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 900 млрд теңгеге жақындады.
Сонымен қатар, ауыл, орман және балық шаруашылығының физикалық көлем индексі төрт айда 101,2%-ды құрады. Президенттің айтуынша, бұл аграрлық сектор әлеуетінің жеткіліксіз пайдаланылып отырғанын көрсетеді.