Ұлттық банктің 16 маусымға ресми бағамы 491,37 теңге деңгейінде белгіленді.
Астана айырбастау пункттерінде долларды 485 теңгеден сатып алады және 492 теңгеге сатады. Еуроны 562 теңгеден сатып алуға және 572 теңгеге сатуға ұсынады. Рубль 6,35–6,65 теңге аралығында саудаланады.
Алматыда америка валютасын 487,85 теңгеден қабылдап, 490,13 теңгеге береді. Еуро 564,57–569,72 теңге, рубль — 6,49–6,60 теңге тұрады.
Шымкентте долларды орташа есеппен 487,64 теңгеге сатып алады және 489,73 теңгеге сатады. Еуро 563,86–596,11 теңге шегінде, рубль — 6,52–6,60 теңге.
Бір күн бұрын, 15 маусымда, доллардың орташа өлшенген бағамы 491,37 теңге болып, 2,04 теңгеге өскен еді.