Төрт жұмыс күнінің орнына жауаптар 6–15-ші күні жіберілді. Осыдан кейін басқарма мемлекеттік кірістер органдарына хабарлама болмаған деген желеумен салықты жоғарылатылған ставка бойынша өндіріп алу талабымен жүгінді.
Бұл тәжірибе 2331 жарнама таратушыға қатысты. Заңсыз есептелген төлемдердің жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден асты.
Прокуратура қадағалау актісін енгізді. Оның нәтижесінде кәсіпкерлердің жеке шоттарындағы сомалар азайтылды.
Басқарма басшысының орынбасары бизнеске заңсыз араласу үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол айыппұлды толық төлеп, кінәсін мойындады.