Ең көп төмендеу қиярға тіркелді — 4,3 %. Сондай-ақ қырыққабат 1,5 %, картоп 1,4 %, қызанақ 0,8 %, алма 0,7 %, тауық еті мен пияз 0,4 %, сүзбе 0,3 %, күріш, қарақұмық жармасы, қатты және жартылай қатты ірімшік, тұз 0,1 % арзандады.
2,2 % пен 6 % аралығындағы майлылығы бар пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүттің, қаймақтың, сары майдың, ұнның, бірінші сортты бидай нанының және тауық етiнің бағасы апта ішінде өзгермеді.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы баға деңгейі Қонаевте, Өскеменде және Талдықорғанда 0,4 %, Ақтөбеде 0,2 %, Алматыда, Ақтауда, Атырауда, Қостанайда, Қызылордада, Оралда және Түркістанда 0,1 % төмендеді. Астанада, Жезқазғанда, Қарағандыда, Петропавлда, Семейде және Таразда бағалар бұрынғы деңгейде қалды.
Ел бойынша қиярдың орташа бағасы килограммына 502 теңге болды, ең төменгі баға Таразда (339 теңге). Жылтыратылған күріштің орташа бағасы килограммына 533 теңге тұрды, ең арзаны Қызылордада (456 теңге) және Ақтауда (472 теңге). Картоптың орташа бағасы килограммына 283 теңге болды, ең төменгі баға Түркістанда — 218 теңге.
Бірінші санатты жұмыртқаның ондығы орташа есеппен 564 теңге тұрды, ең төменгі бағалар Қызылордада (464 теңге) және Оралда (471 теңге). Сүйекті сиыр етінің орташа бағасы килограммына 3775 теңге, тауық еті — килограммына 1758 теңге болды.