2024 жылы салаға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі шамамен 400 млрд теңгеге жетті — жоспарлы көрсеткіштен 22%-ға жоғары. Екі жыл ішінде бұл көрсеткіш алдыңғы үш жылдағы қаржыландыру көлемінен (569 млрд теңге) асып түсті.
Арналардағы жұмыстар
Соңғы екі жылда шамамен 1500 км арна бетондалды. Механикаландырылған тазалау көлемі 3158 км-ге дейін өсті, ал 2023 жылы тек 678 км тазаланды.
Су үнемдеу технологиялары
Су үнемдеу технологияларын енгізу өткен жылы 874 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік берді — жоспарлы индикатордан 20%-ға артық. Суару жүйелерін енгізу қарқыны жылына 30 мың гектардан 2024–2025 жылдары 150 мың гектарға дейін өсті. 2025 жылдың соңына қарай мұндай технологиялар қолданылатын жалпы алаң 543,5 мың гектарға жетті.
Цифрландыру және жобалар
Ирригациялық инфрақұрылымды цифрландыру моделі қайта қаралды: енді ол тек суды есепке алуды ғана емес, гидрозатворларды және бөлуді автоматтандырылған басқаруды да қамтиды. Қазақстанның оңтүстігіндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі 93%-ға орындалды. Жұмыстардың аяқталуы жыл соңына дейін күтіледі.
Суару маусымының нәтижелері
Өткен жылы 1,2 млн га жерді суаруға 11,1 млрд текше метр су бағытталды. 2025 жылғы суару маусымы егін шығынынсыз өтті, барлық бассейндер бойынша судың берілуі тұрақты болды.