40 миллионнан астам тұрғыны бар Ляонин провинциясы күшті өнеркәсіпке және мұнай-газ саласындағы тәжірибеге ие. Бұл бағыттар Батыс Қазақстан облысы үшін маңызды. Аймақтардың ауыл шаруашылығында да ортақ перспективалары бар.
Нәрімән Төреғалиев Қазақстан-Қытай қатынастарының «алтын 30 жылдығы» кезеңінде өңіраралық байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі деп санайды. Оның сөзінше, екі елдің стратегиялық әріптестігі мемлекет басшыларының тапсырмасымен нығая түсуде.
Әкім Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірде инвесторлар үшін жағдайлар жақсартылып жатқанын атап өтті. Қытай компанияларымен бірлесіп сұйық метанол зауытын, цемент зауытын, газтурбиналық және жел электр станцияларын салу жобалары жүзеге асырылуда. Жұмыс орындарын құратын инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді.
Губернатор Ван Синьвэй ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты. Ол өткен жылдың қорытындысы бойынша Ляонин провинциясы мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі 2,7 млрд юаньды құрағанын хабарлады. Қытай тарапы Қытай мен Қазақстан мәдениеті жылы аясында мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге дайын.
Кездесу Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен өтті.