Заң Қазақстан азаматтары – жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға және заң консультанттарына қолданылады. Амнистия заң күшіне енгенге дейін тағайындалған барлық орындалмаған айыппұлдарды қамтиды.
Құжаттың әрекеті қару мен есірткі айналымына байланысты бұзушылықтарға, соттардың қарауына жататын істерге, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел және қайталап бұзуға қатысты емес. Ерекшеліктер тізіміне мас күйде көлік жүргізу, жол-көлік оқиғасы болған жерден кету, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, жылдамдықты асыру, қызыл шамға өту, құжатсыз көлік жүргізу және теміржол өткелдерінің ережелерін бұзу кіреді.
Ішкі істер органдары желісі бойынша амнистия бүкіл ел бойынша шамамен 590 мың азаматқа қолданылды. 1,3 млн-нан астам әкімшілік жаза тоқтатылды, ал 22 млрд теңгеден астам айыппұл есептен шығарылды.
Жалпы республика бойынша әкімшілік айыппұлдардан 680 мыңнан астам адам босатылды.