Ариновтың айтуынша, елде мұндай мамандар жетіспейді. Үстемеақылар мемлекет басшысы мен үкіметтің қолдауымен енгізілді.
Бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кадрларды нығайтуға көмектеседі деп күтілуде. Өткен жылы кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби стандарттары жаңартылып, олардың біліктілігіне қойылатын талаптар күшейтілді.
Елдің техникалық жоғары оқу орындарымен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәнін енгізу туралы меморандумдарға қол қойылды.