Жаңалықтар

Астана мен Алматыдан Ларнакаға тікелей рейстер іске қосылады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Астана мен Алматыдан Ларнакаға тікелей рейстердің басталатыны туралы хабарлады.

1 маусым 2026 · 12:06·Оқу: 1 мин

Астана мен Алматыдан Ларнакаға тікелей рейстер іске қосылады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·1 маусым 2026

Астанадан ұшулар 2 маусымда басталады. Ұшақтар аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері рейс орындайды.

Алматыдан рейстер 4 маусымда басталады. Жиілік аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері болады.

Кипрге кіру үшін Қазақстан азаматтарына виза қажет, деп СІМ-де ескертті.

Ведомство халықаралық әуе қатынастарын кеңейту және елдің көлік байланысын арттыру жұмыстарын жалғастыруда. Осы бағыт бойынша тұрақты рейстер қыркүйекке дейін орындалады.

Пікірлер