Жобаны Су ресурстары және ирригация министрлігі, Француздық даму агенттігі (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) жүзеге асыруда. Кеңеске бірнеше қазақстандық министрліктердің, ведомстволардың және ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ француздық сарапшылар қатысты.
Француз тарапы ауыл шаруашылығы, гидрология, мұздық ағындары, гидрогеология, су пайдалану және су ресурстарын модельдеу бойынша зерттеулердің аралық нәтижелерін ұсынды. Климаттың өзгеруі жағдайындағы су ресурстарын басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сарапшылар өзен ағындарын болжау, мұздық қоректенуінің өзгерістерін бағалау, жер үсті және жер асты суларының өзара әрекеттесуі, сондай-ақ суды бөлу сценарийлерін талдау және бассейндік жоспарларды дайындау үшін цифрлық құралдарды қолдану тәсілдерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша зерттеу нәтижелері Балқаш су жинау алаңының жағдайын бағалаудың бірыңғай жүйесіне біріктірілді және одан әрі жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Мерзімдер және келесі қадамдар
Мастер-план әзірлеуді аяқтау және қорытынды нәтижелерді ұсыну 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған. «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла француз сарапшыларының сапарынан кейін 2040 жылға дейінгі болжамдық сценарийлерді дайындау кезеңдерін, климаттық модельдерді таңдауды және қосымша зерттеулерді нақтылайтынын атап өтті. Бірлескен жұмыс 2026 жылдың соңына дейін жалғасады, ал мастер-план көл экожүйесін сақтау бойынша ұзақ мерзімді шешімдердің ғылыми негізі болады.