Тәркіленгендердің ішінде — 18 автомат, екі гранатомет, 320-дан астам тапанша, 100-ден астам ойықты қару және 700 тегіс ұңғылы мылтық бар. Бұл санға қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 120 қару да кіреді.
Мамыр айында Алматы мен Алматы облысында тіркелмеген қарудың партиясы тәркіленді, оның ішінде қаңтарда оңтүстік астананың қару-жарақ дүкендерінен ұрланғандары да бар.
Қаруды сатып алу акциясы
20 сәуірден жыл соңына дейін елде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы өтуде. Бүгінгі күні азаматтар шамамен 750 қару және 4000-ға жуық патрон тапсырды.
Ішкі істер министрлігі еске салады: мұндай қаруды ерікті тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов тұрғындарды саналы болуға және заңды сақтау негіздері жоқ қаруды тапсыруға шақырды.