Сот Президенттің өтінішін қарап, 2026 жылғы 15 наурыздағы Конституцияда белгіленген шектеулер тек қолданыстағы Конституция бойынша жүргізілген тағайындаулар мен сайлауларға ғана қолданылады деп түсіндірді.
1995 жылғы Негізгі заң қолданыста болған кезеңде осы лауазымдарда жұмыс істеу фактісі 2026 жылғы 1 шілдеден кейін қайта сайлануға немесе тағайындалуға кедергі келтірмейді.
Бұл ретте мұндай жаңа тағайындау немесе сайлау бірінші болып саналады. Сот Конституция лауазымдарда болу мерзімдерін және бұрынғы Негізгі заң бойынша сайлану фактілерін ескеруді талап етпейтінін атап өтті.