Жаңалықтар

Минтранс әуе тасымалдау ережелерін жаңартады

Қазақстан Көлік министрлігі жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын дайындады.

17 шілде 2026 · 07:25·Оқу: 2 мин

Минтранс әуе тасымалдау ережелерін жаңартады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·17 шілде 2026

Өзгерістер инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №540 бұйрығына енгізіледі. Құжат «Ашық НҚА» порталына қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Жолаушылар музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыра мен қобызды ұшақ салонында тасымалдай алады. Аспап қорғаныс футлярында болуы керек, өлшемі 110×35×30 см-ден аспауы және салмағы 10 кг-нан артық болмауы тиіс. Сондай-ақ, оны жеке орынға немесе багажға тасымалдауға рұқсат етіледі.

Жануарларды авиакомпаниялардың ережелері бойынша салоңға алуға рұқсат етіледі. Мүгедектігі бар жолаушылар авиабилеттерге жеңілдік алады.

Әуе кемесін сыйымдылығы аз кемеге ауыстырған кезде орындар ең алдымен кәмелетке толмағандарға, мүгедектігі бар адамдарға, ауыр науқастарға, жүкті әйелдерге және зейнеткерлерге беріледі.

Жолаушыны жеткізуді кешіктіргені үшін айыппұлды авиакомпания өтініш берілгеннен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей төлеуі тиіс. Тасымалдаушы тіркелмеген багаждың зақымданғаны үшін кінәсі дәлелденген жағдайда жауап береді.

Пікірлер