Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен өтті. Нысандардың 72%-ында терроризмге қарсы қорғалу талаптарға сай келді.
Бұзушылықтар 736 нысанда анықталды. Басшыларға кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар берілді. 263 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 118 млн теңгеден асты. 3200-ден астам басшы және нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 237 мыңнан астам қызметкер оқудан өтті.
Сонымен қатар, 48 нұсқаулық қайта қаралды және осындай нысандарды қорғауды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындалды.
5 маусымнан 30 маусымға дейін ел аумағында «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтті. Оларды ҚР ҰҚК ТАК ұйымдастырды.