Жаңалықтар

Каспий жағалауындағы Баутино ауылынан 20 итбалық пен 8 бекіре табылды

1 маусымда Баутино ауылындағы тұщыландыру зауытынан «КСА» жағалауына дейінгі учаскеде 20 итбалық пен 8 бекіре балығының өлексесі табылды.

2 маусым 2026 · 13:49·Оқу: 1 мин

Каспий жағалауындағы Баутино ауылынан 20 итбалық пен 8 бекіре табылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 маусым 2026

2 маусымда Түпқараған ауданында теңіз суының сынамаларын зертханалық-талдау бақылау бөлімінің қызметкерлері алды. Маңғыстау облысы экология департаментінде талдау нәтижелері кейінірек жарияланатыны хабарланды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 17 сәуірде Каспий жағалауынан шамамен 300 итбалық өлексесі табылған. 20 мамырда Маңғыстау облысында тағы 35 өлген итбалық табылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Каспий жағалауындағы итбалықтар мен аққулардың қырылу себебін атады.

Пікірлер