Агенттік төрағасының бұйрығымен ДЭР басшылығының құрамы Маңғыстау, Ақмола, Ақтөбе, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жаңартылды.
Генерал-майор Ерболат Балгабаев Маңғыстау облысы бойынша ДЭР-ді басқарды. Полковник Еркин Тюмелиев Ақмола облысындағы департаменттің басшысы болды, полковник Ерик Есенов — Ақтөбе облысында, полковник Дастан Букешев — Жетісу облысында.
Полковник Дархан Куракбаев Қарағанды облысы бойынша ДЭР басшысы болып тағайындалды, полковник Бакытжан Абулхаиров — Павлодар облысы бойынша. Подполковник Нураби Толеутай Солтүстік Қазақстан облысындағы департаментті басқарды, подполковник Сабыргали Балгалиев — Түркістан облысында.
Бұған дейін Қызылорда облысы ДЭР басшысы ауысқан болатын.