Қостанай облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағынның өсуі маусымдық себептерге байланысты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау, сондай-ақ демалыс және мереке кезеңіндегі жолаушылар саны артты.
Қосымша жүктемені басқа бағыттардан көліктің қайта бөлінуі тудырады. Ұқсас жағдай Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым», Ақтөбе облысындағы «Жайсан» және Павлодар облысындағы «Қосақ» пункттерінде байқалады.
Тасымалдаушылардың бір бөлігі маршруттарын өзгертіп, «Қайрақ» пунктін пайдалануда. Шекарашылар әдеттегі режимде жұмыс істеп, қалыпты өткізу үшін шаралар қабылдауда.
Қостанай облысы аумағында «Ақбалшық», «Убаған», «Аят», «Желкуар» және «Қоңдыбай» пункттері де жұмыс істейді.