Партия әртүрлі салалардан адамдарды біріктіреді: мұнайсервис және тау-кен металлургия салаларының қызметкерлерін, шахтерлерді, спорт, білім, денсаулық сақтау, ғылым мамандарын, кәсіпкерлерді, сондай-ақ IT-сектор, заң ғылымы және креативті индустрия өкілдерін.
Бағдарламаның негізіне әділеттілік, жауапкершілік, теңдік, патриотизм және прогресс қағидаттары алынған. Партия басты міндеттер қатарында заңдылықты нығайтуды, институттарды дамытуды, өңірлерді қолдауды, цифрландыруды, адами капиталды өсіруді және бәсекеге қабілетті экономиканы құруды атайды.
Партия өз жұмысын кәсіби тәсіл және қоғамдық диалог арқылы әділетті және заманауи Қазақстанды дамытуға қосқан үлес ретінде қарастырады. Жақын арада «Əділет» ұйымдық құрылымды қалыптастыруды және өңірлерде қызметті бастауды жоспарлап отыр.