Жаңалықтар

Президент ЕАЭО және Оманмен келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы екі заңға қол қойды.

10 маусым 2026 · 14:29·Оқу: 1 мин

Президент ЕАЭО және Оманмен келісімдерді ратификациялау туралы заңдарға қол қойды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 маусым 2026

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) бірыңғай кедендік транзит жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды бекітті.

Сонымен қатар, Президент Қазақстан мен Оман үкіметтері арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарды қосарланған салық салудан аулақ болу және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы келісімді және оған қосымша хаттаманы ратификациялады.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Пікірлер