Ұшулар екі ел арасындағы іскерлік, туристік және мәдени байланыстарды нығайтады, сондай-ақ Қостанай облысының көлік қолжетімділігін арттырады деп күтілуде.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайының басқарма төрағасы Асқар Бекбосынов рейстердің іске қосылуы әуежайдың халықаралық бағыттар желісін кеңейтетінін және өңір үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Бұған дейін Қазақстан мен Моңғолия астаналары арасында әуе қатынасы басталған болатын.