Жаңалықтар

Ресей мигранттар үшін баждарды бірнеше есеге көтереді

Ресейде шетелдік азаматтар үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік баждар ұлғайтылды.

10 маусым 2026 · 15:40·Оқу: 1 мин

Ресей мигранттар үшін баждарды бірнеше есеге көтереді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 маусым 2026

Ресей азаматтығын алу үшін мемлекеттік баж 12 есеге өсті — 4200-ден 50 000 рубльге дейін.

Уақытша тұруға рұқсат енді бұрынғы 1920 рубльдің орнына 15 000 рубль тұрады. Тұруға ықтиярхат үшін 30 000 рубль төлеуге тура келеді — бұл бұрынғыдан бес есе көп.

Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру үшін баж әр маманға 15 000 рубльге дейін өсті.

Мемлекеттік думаның төрағасы Вячеслав Володин бұл өзгерістер миграция саласында тәртіп орнатуға көмектеседі және бюджетке жылына шамамен 15 млрд рубль әкеледі деп мәлімдеді.

Пікірлер