Түзетулер шетелдегі әскери өкіл аппаратын қаржыландыру тәртібін айқындайды және осы аппараттағы әскери қызметшілердің лауазымдарын дипломатиялық қызмет қызметкерлеріне теңестіреді.
Жоғары лауазымдарға іріктеу үшін цифрлық рейтинг енгізіледі. Бұл ереже арнайы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілеріне қолданылмайды.
Төлемдер және қызметтен босату
Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне төтенше жағдайларды жоюға, терроризмге қарсы операцияларға қатысу және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету кезінде ақшалай қамтылым үш еселенген мөлшерде төленеді.
25 жыл және одан да көп қызмет өткерген әскери қызметші төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайлардан басқа, өз қалауы бойынша қызметтен босатыла алады.
Қызмет өткерген жылдарды есепке алу
Үш жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыс кезеңі шақырылған офицердің қызмет мерзіміне есептелмейді. Бұл кезең қызмет өткерген жылдарға қосылады.
Сенат депутаттары арнайы мемлекеттік органдар қызметі мәселелері бойынша түзетулерді екі оқылымнан кейін мақұлдады.