Құжатқа 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылды. Ол 2001 жылғы 16 қарашадағы Мемлекеттік шекара туралы шартты іске асыру үшін демаркация аяқталғаннан кейін және 2022 жылғы 22 желтоқсанда тиісті шартқа қол қойылғаннан кейін әзірленді.
Келісім екі елдің шекарадағы қарым-қатынастарын реттеудің бірыңғай халықаралық-құқықтық негізін жасайды. Ол шекара мен шекара белгілерін күтіп-ұстау, адамдардың, көліктің, жүктің өткізілуі, ұшулар, шекаралық жолақта жұмыстар жүргізу тәртібін, сондай-ақ инциденттердің алдын алу және шешу рәсімдерін белгілейді.
Бұған дейін келісімді Мәжіліс ратификациялаған.