Астанада күндіз найзағайлы жаңбыр және бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында солтүстікте, оңтүстікте және шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болжанады. Жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстікте және орталықта найзағайлы жаңбыр өтеді, төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында батыста, солтүстікте және орталықта жаңбыр, найзағай және бұршақ мүмкін. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысында батыста, солтүстікте және оңтүстікте найзағайлы жаңбыр, күндіз кей жерлерде бұршақ және дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысында күндіз оңтүстікте және таулы аймақтарда қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр өтеді. Ыстық 35–37 градусқа дейін жетеді. Бірқатар аудандарда жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстікте найзағайлы жаңбыр, батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.
Маңғыстау облысында түнде және күндіз найзағайлы жаңбыр, батыста және орталықта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай күтіледі. Температура 39 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағайлы жаңбыр, күндіз кей жерлерде бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыста және оңтүстік-батыста жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін. Күндіз ыстық 35 градусқа дейін жетеді. Жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысында солтүстікте найзағайлы жаңбыр, күндіз кей жерлерде бұршақ және дауыл болады. Жел 25 м/с-қа дейін күшейеді. 35–37 градус ыстықта төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысында батыста, оңтүстік-шығыста және солтүстікте жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Төтенше және жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстікте және таулы аймақтарда қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр өтеді. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін. Ыстық 35–38 градус. Батыста жоғары, шығыста төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысында батыста, солтүстікте, оңтүстікте және таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с. Облыста төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысында батыста, солтүстікте және шығыста найзағайлы жаңбыр, күндіз бұршақ және дауыл болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман. Жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысында батыста, оңтүстікте және шығыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең шығыста тұман. Жоғары өрт қауіпі сақталады.