Тоқаев екі жыл бұрын Алатауды болашақ қала ретінде құру туралы шешім қабылданғанын еске салды. Жоба ел үшін стратегиялық маңызға ие.
Оның сөзінше, Алатауда инвестициялар тартып, қаланы іскерлік белсенділік пен инновациялардың жаңа орталығына айналдыру жоспарлануда. Бұл азаматтардың, ең алдымен болашақ ұрпақтың жұмыс істеу, өмір сүру және өсу мүмкіндіктерін ашады.
Алатаудың дамуының негізгі қағидаттары жаңа Конституцияда бекітілген. «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қол қойылды.
Қазіргі кезеңде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, жедел міндеттер мен ұзақ мерзімді басымдықтарды анықтау қажет.