Еуропалық Кеңес штаб-пәтерінде Антониу Кошта және Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған. Сапар барысында тараптар бірнеше бірлескен құжаттарға қол қояды.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Бельгияда тұратын қазақстандықтармен кездесті. Тоқаев білім, ғылым және инновацияларды дамыту жаңа Негізгі заңда стратегиялық басымдық ретінде бекітілгенін атап өтті. Ол сондай-ақ жастарды көбірек тіл үйренуге шақырды.