Мемлекет басшысы жұмыстардың қарқыны төмен күйінде қалып, қаланың келбеті іс жүзінде өзгермей тұрғанын атап өтті.
Оның сөзіне қарағанда, Алматы облысының толыққанды дамуы үшін Қонаевке білім беру, әкімшілік, мәдени және спорт нысандары шұғыл қажет.
Тоқаев облыс басшылығына осы міндетке назар аударуды тапсырды.
Бұған дейін президент Алатауды бірегей құқықтық мәртебесі бар жедел даму қаласы деп атаған.