Бөкейхан гидропостында деңгей 258 сантиметрді құрады — бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 2 сантиметрге төмен. Мұндағы қауіпті белгі 518 сантиметрге тең.
Шортанбай ауылы маңындағы Кигаш өзенінде 400 сантиметр тіркелді, бұл алдыңғы көрсеткіштен 3 сантиметрге аз. Бұл жердегі қауіпті деңгей — 555 сантиметр.
Құрманғазы ауылы маңындағы Шарон өзенінде су деңгейі 272 сантиметрге жетті, қауіпті белгі 422 сантиметр.
Құрманғазы ауданы әкімдігінде өзен арнасының жағдайы, оның өткізу қабілеті және су деңгейі күн сайын бақылауда екендігі хабарланды. Қосымша қорғаныс және профилактикалық шаралар ұйымдастырылды.
Өзендегі гидрологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Әкімдіктің мәліметінше, су деңгейінің көтерілуі табиғи маусымдық көктемгі процестермен байланысты, елді мекендерге, тұрғын үйлерге және шаруашылық нысандарына қауіп жоқ. Су көлемі бақылаудан шыққан жоқ.
Жыл басынан бері Курманғазы ауданы арқылы ағатын Кигаш өзеніндегі су деңгейі шамамен 1 метрге көтерілген.