Алматы облысының прокуратурасы полициямен және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп алкогольдің заңсыз сатылуын тоқтату жұмыстарын жалғастыруда. Рейдтер облыс прокуратурасының бастамасымен өтті.
Екі демалыс күні ішінде алкоголь өнімін сату кезінде жеті бұзушылық анықталды. Қонаев жағалауындағы демалыс аймақтарында заңсыз сатудың үш жағдайы тоқтатылды. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айналымнан 1100-ден астам бөтелке тәркіленді. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкоголь ішудің 51 фактісі және мас күйінде көлік басқарудың алты жағдайы тіркелді. Үш сауда нүктесінің лицензиясы қайтарып алынды.
Жыл басынан бері 60 рейд өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша 240 сауда нысаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 14-інің лицензиясы қайтарып алынды.
Прокуратура алкогольдің заңсыз сатылуы айыппұлдарға, өнімді тәркілеуге және лицензиядан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.